Баяғыда бір шейх:
"..түнде, ұйықтар алдында, өз келіншегімнің жүзіне қарап, өзіме былай дедім: "Асылым, өз ата-анаңның сыйлы, ерке қызы болып жүріп, тұрмысқа шығып, бөтен үйге келдің. Өз ата-анаңды тастап, өзіңе: "Былай істе, былай істеме" деп бұйыратын ер-адамға келдің. Мен сол сәтте ойладым, өзін дүниеге әкелген, бағып-қаққан өзіне қымбат жандарын сен үшін қиып, оларды тастап сенімен тұруға, сені бақытты қылуға келген "Әйелді" қалай ғана ренжітіп, көңіліне қаяу түсіріп, қабағына кірбің шалдырады екен.Ол мен үшін осындай қадамға барғанда мен оны неге ренжітуім керек, неге айқайлап, дауыс көтеруім керек. Неге оған әркез қорған болып, жанына қуаныш, тәніне жылулық, жүзіне күлкі ұялатпасқа. Егер, осылардың барлығы қолымнан келмесе мен несіне жер басып еркек болып жүрмін, - деген екен.
P.S. ..ұзақ жолдан шаршап, кішкене мызғып алайын деп көз ілген сәтте, жалғыз шейхтың емес, менің де есіме сол ойлардың қылаң бергені. Расымен де. Бұдан шығатын қорытынды: сүйіктіңді бақытты ете алмайсың ба, бақытты ете алатын адамның жолын бөгемегеніңіз абзал.)